
Бразилия ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Карло Анчелотти Неймардың неге маусым айындағы матчтарға шақырылмағанын түсіндірді.
Италиялық маман мадридтік "Реалмен" қош айтысып, енді "пентакампеондарды" 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бастап шықпақ. Бразилия маусым айында Эквадор мен Парагвайға қарсы ойын өткізеді. Бірақ жанкүйерлердің назары бірден негізгі құрамда Неймардың жоқтығына ауды.
Бапкер бұл шешімнің себебін нақты түсіндірді. Журналист Фабрицио Романо Карло Анчелоттидің сөзін келтіреді:
"Неймар тізімде жоқ, себебі ол жақында ғана жарақатынан айықты. Мен онымен сөйлестім, бәрін келістік. Мен оған сенемін және болашақта құрамадан күтемін. Оның әлем чемпионатына ең жоғары дайындықпен келуін қалаймын", – деді Анчелотти.
Сондай-ақ, Анчелотти "Манчестер Сити"сапында ойнайтын Родриго, Жоэлинтон, Эдерсон, сондай-ақ Эдер Милитаоның да жарақат салдарынан ұлттық құрамаға шақырылмағанын айтты.