Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Криштиану Роналду жаңа әлемдік рекорд орнатты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
27.05.2025, 10:00

Португалиялық шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатының 34-турында "Әл-Фатахқа" қарсы ойында гол соғып, әлем футболында жаңа рекорд орнатты. 

936-шы гол – әлемдік рекорд!

"Әл-Наср" сапында өнер көрсетіп жүрген Роналду 2:3 есебімен аяқталған ойында мергендігімен тағы көзге түсті. Бұл гол оның кәсіби мансабындағы 936-шы голы болып тіркелді. Бұл қазір әлем футболындағы абсолюттік рекорд.

Сонымен қатар ол клубтық деңгейдегі 800-ші голын соғып, ерекше межеге жетті. Роналдуның мансабы Португалияның "Спортингінен" басталып, "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид", "Ювентус" және қазіргі "Әл-Наср" клубтарында жалғасты.

Сауд Арабиясы маусымындағы үздік сұрмергені

Криштану 2024/25 жылғы маусымдағы Сауд Арабиясының ішкі чемпионатында 25 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды. Оның артынан:

  • Айвен Тоуни ("Әл-Ахли") – 23 гол
  • Карим Бензема ("Әл-Иттихад") – 21 гол

Роналду уақытпен емес, тарихпен жарысып жүрген аңыз

40 жасқа толғанына қарамастан Роналдуның физикалық дайындығы, кәсібилігі мен гол соғу қабілеті әлі де жоғары деңгейде. Ол жас шабуылшыларға үлгі боларлық мықты тұлға екенін дәлелдеп келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір