
Қазақстандық кәсіпкер Ибрагим Ақдрашев "Астана" ФК директорлар кеңесіне кірді. Бизнесмен бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
62 жастағы кәсіпкер Ибрагим Ақдрашев өзінің Instagram парақшасында "Астана" футбол клубымен ресми түрде әріптестік басталғанын мәлімдеді. Жаңалығын жария еткен ол былай деп жазды:
"Енді мен "Астана“ ФК директорлар кеңесінің мүшесімін! Клубты дамытуға күш салуға және чемпиондарымызды қолдауға дайынмын. Алға," "Астана!"
Бұл жаңалық футболсүйер қауым арасында қызу талқыға түсіп, клуб жанкүйерлері жағымды өзгерістер күтуде.
2025 жылдың мамыр айындағы Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша, Ибрагим Ақдрашев елдегі ең ауқатты кәсіпкерлер тізімінде 52-орынды иеленіп отыр. Оның байлығы 184 миллион АҚШ долларына тең (шамамен 93,8 миллиард теңге).
Ақдрашев басқаратын "Нефтестройсервис ЛТД" ЖШС – құрылыс-монтаж және сервистік қызмет көрсететін жетекші компаниялардың бірі. Компания құрамына бірнеше ірі серіктес ұйымдар кіреді:
Бұл ұйымдар елдің мұнай-газ, құрылыс және инфрақұрылым секторларында белсенді жұмыс істеп келеді.