"Атырауға" жаңа бас бапкер тағайындалды

Редактор Penalty.kz
27.05.2025, 11:48

ҚПЛ аутсайдерлерінің бірі саналатын "Атырау" ФК тізгінін жаңа маман қолға алды. Команданың басшылық құрамының шешімімен 43 жастағы қазақстандық бапкер Денис Мамонов бас жаттықтырушы қызметіне кірісті. 

instagram/@fc_atyrau

Денис Мамонов кім?

Павлодар қаласының тумасы Денис Мамонов кезінде кәсіби футболшы ретінде де танымал болған. Ол қорғаушы және жартылай қорғаушы позицияларында "Жетісу" (Талдықорған), "Восток" (Өскемен), "Тараз", және "Есіл-Богатырь" (Петропавл) командаларында өнер көрсетті.

Бапкерлік жолы: "Қайраттан" U21-ге дейін

Мамонов бапкерлік мансабын "Қайрат" футбол академиясында бастап, кейін "Жетісу", "Ақсу" және "Мақтаарал" командаларында жұмыс істеген. Сонымен қатар қазір Қазақстан жастар құрамасының (U21) аға жаттықтырушысы қызметін де атқарып жүр.

"Атырауға" оралуы және жаңа мүмкіндік

2025 жылғы маусым басында Мамонов "Атырау" клубына қайта оралып, сол кездегі бас бапкер Константин Горовенконың көмекшісі қызметін атқарған. Енді ол толыққанды бас жаттықтырушы ретінде өз қабілетін көрсету мүмкіндігіне ие болды.

“Денис Мамонов – отандық футболды жақсы білетін маман. Біз оған сенім артып отырмыз”, – делінген клуб мәлімдемесінде.