"Реал Мадрид" клубтық әлем чемпионатына дайындық аясында трансферлік жұмысты белсенді түрде жүргізіп жатыр. Клуб президенті Флорентино Перес маусымның соңына дейін негізгі ойыншылар мәселесін шешіп, команданы турнирге толық дайын күйде шығаруды көздейді.
Қорғаныс пен орталық алаң жаңарады
Карло Анчелоттимен ресми қоштасып, бас жаттықтырушы қызметіне Хаби Алонсо келгеннен кейін "Реалда" трансферлік келісімдер қарқынды түрде жүргізілуде. Жақын күндері команда Дин Хейсенді қорғаушы ретінде таныстырады. Сонымен қатар клуб "Ливерпульмен" Трент Александер-Арнольд трансфері бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
Тағы бір маңызды жаңалық — "Бенфикада" өнер көрсеткен Альваро Каррерастың қайта оралуы. Бұл келісім аяқталуға жақын.
Келесі маңызды қадам Нико Пасты "Реалға" қайтару. Ол осы маусымда Италияның "Комо" клубында арендада ойнап, А сериясының жарқын ашылуына айналды. Бұған дейін Пас Карло Анчелоттидің жетекшілігінде негізгі құрамда бірнеше матч өткізіп, тіпті Чемпиондар лигасында "Наполиге" гол соққан. Алайда ол кезде тұрақты орынға ие бола алмады.
Италияда Сеск Фабрегаспен бірлесіп жұмыс істеу арқылы Пас үлкен тәжірибе жинап, өз деңгейін айтарлықтай көтерді.
Хаби Алонсо Нико Пасты Лука Модричтің лайықты орнын басушы ретінде көріп, оның клубқа қайта оралуын жеке өзі талап етіп отыр. Трансфердің алдағы апталарда аяқталады. Осылайша ойыншы клубтық әлем чемпионаты басталғанға дейін командаға қосыла алады.