Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Футбол тарихында болмаған құрмет: Салах үшін арнайы бутсы тігілді

Редактор Penalty.kz
28.05.2025, 14:14

Египеттік шабуылшы АПЛ-2024/25 маусымында 28 голмен сұрмерген атанған болатын. 

news.sportbox.ru
news.sportbox.ru

Ливерпульдің жұлдызына арналған аяқ-киім

Adidas бренді Мұхаммед Салах үшін эксклюзивті бутсы жасап шығарды – бұл жұп әлемде басқа ешкімде жоқ. Египеттік шабуылшы 2024/25 маусымының соңғы турындағы матчта дәл осы арнайы аяқ киіммен алаңға шықты.

Фото: kick-or-die.ru

Лайверберд – шабыт көзі

Adidas дизайнерлері Ливерпуль қаласының рәмізі саналатын аңызға айналған Лайверберд құсына сүйене отырып, ерекше дизайн ұсынған. Бутсыдағы әйгілі үш жолақ алтын түспен әрленіп, Мұхаммед Салахтың даралығы мен шабуылшы ретіндегі айрықша шеберлігін айқындай түскен.

Бұл бутсы ешқашан сатылымға шықпайды. Ол тек бір ғана матч үшін – «Кристал Пэласқа» қарсы маусымның соңғы турында қолданылды. Adidas бұл туындыны тек Салахтың АПЛ-дағы сұрмерген атағын атап өту үшін жасаған.

Фото: kick-or-die.ru

Салахтың маусымы – статистика сөйлейді

2024/25 жылғы маусымда Салах 28 гол соғып, Англия Премьер-лигасының үздік сұрмергені атанды. Бұл жетістік оның жоғары деңгейдегі тұрақты ойыны мен шабуылдағы тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір