Түркия футболының аты аңызға айналған ойыншысы Арда Туран жаттықтырушылық мансабында жаңа белесті бағындырды. Ол Донецкінің "Шахтёр" командасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың ресми баспасөз қызметі мәлімдеді.
38 жастағы маманмен екі жылдық келісімшарт жасалған. Енді Туран украиндық ұжыммен Еуропа аренасында нәтижеге қол жеткізуді көздейді.
Арда Туран бапкер ретінде жұмысын 2023 жылы "Эюпспор" клубында бастады. Ол алғашқы маусымда-ақ командасын Түркия Суперлигаларына алғаш рет шығарып, ел назарын өзіне аударды.
Кейінгі маусымды алтыншы орынмен аяқтаған ұжым еурокубок жолдамасынан небәрі бір ұпайға қалып қойды. Бұл нәтиже Туранның бапкерлік әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті.
2024/25 жылғы Украина чемпионатының қорытындысы бойынша "Шахтёр" үшінші орын иеленіп, 62 ұпай жинады. Енді олар Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Басты қызықтың бірі – қазақстандық "Ақтөбе" клубымен кездесуі мүмкін екендігі. Бұл матч қос тарап үшін де тарихи сәт болмақ.