U-17 жасөспірімдер арасындағы Орталық Азия футбол қауымдастығы (CAFA) чемпионатының финалы жанкүйерлердің жүйкесін жұқартқан нағыз футбол спектакліне айналды. Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы кездесу драмалық сценариймен есте қалды.
Матчтың 13-минутында өзбекстандық шабуылшы Лазиз Абдураимов пенальтиден есеп ашты. Бұдан кейін 42-минутта Сухроб Садиржанов айып алаңындағы шабуылды сәтті аяқтап, айырмашылықты екі есеге жеткізді.
Алайда үзіліс қарсаңында тәжікстандық Мехрубон Одилзода кері соққы жасап, есепті қысқартты.
Тартысты матчтың 90+5-минутта Усмон Ширинов баспен соққан гол арқылы есепті теңестіріп, матчты экстра-таймға апарды.
Қосымша уақыт бастала салысымен, 92-минутта Садиржанов дубль жасап, Өзбекстанды қайта алға шығарды — 3:2. Бірақ 97-минутта Комрон Каримзода есепті қайта теңестірді.
Нағыз сенсация 120-минутта болды. Матчтың соңғы сәтінде сол баяғы Мехрубон Одилзода шешуші голды соғып, Тәжікстан U-17 құрамасына тарихи жеңіс сыйлады — 4:3!