Дастан Сәтпаев Қазақстан жастар құрамасында алғаш рет алаңға шығады

Редактор Penalty.kz
05.06.2025, 10:19

Бүгін кешке "Астана Аренада" өтетін матчта Дастан Сәтпаев Қазақстан U-21 құрамасы сапында алғашқы ойынын өткізеді. Жастар құрамасы Еуро-2027 турнирінің іріктеу кезеңінде Андоррамен күш сынасады.

offside.kz

Сәтпаев — болашақ жұлдыздың алғашқы қадамы

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Сәтпаев бастапқыда ұлттық құрама сапында оқу-жаттығу жиынына қатысқан. Алайда бапкерлер шешімімен ол жастар құрамасының құрамына қосылды. Бұл оның халықаралық деңгейдегі алғашқы ресми ойыны болмақ.

“Дастан Андоррамен өткеннен кейін қайтадан ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қосылып, Солтүстік Македониямен өтетін әлем чемпионатының іріктеу ойынына дайындықты жалғастырады”, — делінген ҚФФ хабарламасында.

Ұлттық құраманың жоспары

Айта кетейік, дәл осы күні ұлттық құрама Борисов қаласында Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл матч маусымның 9-да өтетін Солтүстік Македонияға қарсы маңызды кездесуге дайындық аясында ұйымдастырылды.