Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дани Алвес ресейлік Медиалига клубымен келіссөздерді аяқтауға жақын.
Mash на Спорте дерегінше, тараптар келісімшарт сомасы төңірегінде соңғы детальдарды нақтылауда. Алвес жалақысын толықтай бірден алғысы келеді, ал клуб болса төлемді екі кезеңге бөліп төлеуді қалайды.
42 жастағы жұлдызды қорғаушы тек ақша емес, өмір салты бойынша да ерекше талаптар қойған. Бразилиялық футболшы ресейлік клубтан:
сияқты тұрмыстық шарттарды қамтамасыз етуді сұраған.
Дани Алвес футболшы ретіндегі мансабын 2023 жылы ресми түрде аяқтаған. Бірақ 2024–2025 жылдары ол дауға ілікті. Жыныстық зорлық әрекеті бойынша айыпталып, 13 айын түрмеде өткізді.
Егер келісім сәтті аяқталса, бұл медиалига үшін үлкен серпіліс болмақ. Бір кездері "Барселона", "Ювентус", "Пари Сен-Жермен" және "Севилья" секілді клубтардың жейдесін киген футболшының Ресей алаңына оралуы — жанкүйерлер үшін де, лига үшін де ірі оқиға.