16 жастағы жартылай қорғаушы мадридтік клубқа 45 миллион долларға ауысқалы отыр.
Аргентина футболының басты таланттарының бірі саналатын Франко Мастантуоно жақын арада Мадридтің «Реал» клубына ауысқалы жатыр. Бұл туралы футбол инсайдері Фабрицио Романо хабарлады.
Романоның мәліметінше, «Реал» мен Мастантуоно жеке келісімнің барлық шарттары бойынша толық келісімге келді. Бұған дейін аргентиналық жартылай қорғаушыны ПСЖ да өз сапына қосқысы келген, бірақ футболшы таңдауын Испаниядан жасаған.
Келісімшарт 2031 жылға дейін жасалады. «Ривер Плейт» клубы бұл трансфер үшін 45 миллион доллар алады.
Футбол жанкүйерлері Мастантуононы жаңа Месси деп жиі атайды. Себебі екеуі де:
Мастантуоно жуырда Аргентина құрамасы үшін Чилиге қарсы ресми матчта (1:0) 84-минутта алаңға шықты. Осылайша ол әлем чемпиондары құрамында ресми матчқа қатысқан ең жас футболшы атанды.
Ал бейресми, яғни жолдастық матчтар бойынша мұндай рекорд Диего Марадонаға тиесілі: ол 16 жас 3 айында ұлттық құрамада дебют жасаған болатын.