Әлем чемпионатына шыққан Өзбекстан Катарды тас-талқан етті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
10.06.2025, 20:55

Ташкенттегі "Бунёдкор" стадионында Азия аймағы бойынша іріктеудің үшінші кезеңі аясында Өзбекстан мен Катар құрамалары кездесіп, жанкүйерлер тағатсыз күткен ойын өтті.

Instagram/@uzbekistanfa

Өзбекстанның сенімді жеңісі

Кездесудің алғашқы бөлігінде-ақ алаң иелері ойын тізгінін қолына алды. 28-минутта Азизбек Тургунбоев айып алаңынан бағыттаған әдемі соққысымен есеп ашты.

Матчтың екінші жартысында өзбектер шабуылын күшейтіп, 86-минутта команда капитаны Элдор Шомуродов таблодағы есепті еселей түсті.

Ал қосылған уақытта (90+2 минут) Игорь Сергеев кездесудің нүктесін қойып, 3:0 есебімен Өзбекстан құрамасының ірі жеңісін қамтамасыз етті.

Матчтағы голдарды төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.