Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Біз мықты ойнадық". Ұлттық құрамадағылар жақсы жаңалығымен бөлісті

Редактор Penalty.kz
10.06.2025, 18:38

Елдос Ахметовтың айтуынша, жастардың даму қарқыны қуантады және болашақта жеңістер міндетті түрде келеді.

kff.kz
kff.kz

Қазақстан құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македонияға қарсы өткен матчтың нәтижесі туралы пікірімен бөлісті.

"Нәтиже нашар болғанымен кеше жақсы ойнадық. Шабуылдар ұйымдастырып, гол салғымыз келді. Бір рет маңдайша, бір рет бағанаға тигіздік. Солардың бірі голға айналса қазір басқаша сөйлер едік. Македония ойыншысы Элиф Элмастың өзі осылай айтты. Біз мықты ойнадық, алайда ең ақыры 1 ұпай да алмадық". 

Бұдан бөлек, Елдос Ахметов талантты жастардың өсіп келе жатқанына тоқталып, жеңісті күндер алда екеніне сенім білдірді. 

"Бірақ, бір нәрсе анық. Біздің жастар прогрес жасап келе жатыр. Осы қарқыннан таймасақ, түбі жеңістер болады. Бұл футболдың өзінің жазылмаған заңы.
Жанкүйерлерде де, бапкерлік штаб та да бірдей сезімдер шығар. Іште сәл бір қынжылыс бар. Осындай сезімдерді бірге кеше білсек, қуанатын кезде де бірге қуанамыз!", - деді Елдос Ахметов өзінің инстаграм-парақшасында. 

Кеше Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Македонияға қарсы өз алаңында матч өткізді. Кездесу македониялықтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір