Клубтық әлем чемпионатында 10:0 есебі тіркелді (ВИДЕО)
15.06.2025, 23:10
АҚШ-та өтіп жатқан футболдан клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңінде шектен шыққан жеңіс тіркелді. "Бавария" Жаңа Зеландияның "Окленд Ситидің" қақпасына жауапсыз он гол соқты.
instagram/@fcbayern
Цинциннатидегі тарихи жеңіс
Кездесу "TQL Stadium" аренасында өтті. Матч басталған сәттен-ақ мюнхендік команда толық үстемдік жүргізіп, әр шабуылын голмен түйіндеді.
Гол авторлары
"Бавария" сапындағы футболшылар бірінен соң бірі көзге түсті:
- Кингсли Коман — 6’ және 22’ минуттар;
- Майкл Олисе — 20’ және 45+3’ минуттар;
- Саша Боэ — 18’ минут;
- Томас Мюллер — 45’ және 89’ минуттар;
- Джамал Мусиала — 68’, 73’ (пенальти), 84’ минуттар.
Топтағы жағдай
Бұл ірі жеңіс нәтижесінде "Бавария" үш ұпай жинап, С тобының көшін бастады. Осы топта португалиялық "Бенфика" мен аргентиналық "Бока Хуниорс" бар. Олар өзара ойынды 16-нан 17 маусымға қараған түні өткізеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама