Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

КӘЧ: "Бавариядан" 10 гол жіберген қақпашы қойма қызметкері болып шықты

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 07:31

Жаңа Зеландиялық қойма жұмысшысы Конор Трейси жұмысынан еңбек демалысын алып, футболдағы арманына орындады. Клубтық әлем чемпионатында алаңға шығып, Мануэль Нойермен қол алысты.

sports24.kz
sports24.kz

Жаңа Зеландиядағы “Окленд Сити” командасының қақпашысы Конор Трейси Клубтық әлем чемпионатына қатысу үшін негізгі жұмыс орнында еңбек демалысын рәсімдеген. Белгілі болғандай ол фармацевтикалық компаниялардың бірінде қарапайым қойма жұмысшысы болып шықты. Кеше Конор “Баварияға” қарсы ойында қақпасына 10 гол жіберіп алған еді.

Фармацевтикалық қоймадан – FIFA аренасына

Конор Трейси күнделікті өмірінде Жаңа Зеландиядағы фармацевтикалық компанияның қоймасында кар жүргізушісі болып қызмет етеді. Бірақ футболға деген махаббат пен арманы оны Клубтық әлем чемпионатына алып келді.

«Жыл сайынғы ақылы демалыс пен табыссыз қосымша күндерді біріктіруге тура келді. Бұдан кейін пәтерақы мен коммуналдық төлемдер жағынан сәл қиындықтар болуы мүмкін. Бірақ "Бавария", "Бенфика" мен "Бока Хуниорске" қарсы ойнау мүмкіндігі үшін оған да көнесің», – деді Конор talkSPORT басылымына берген сұхбатында.

Мюнхенде 10 гол жіберді

Клубтық әлем чемпионатындағы дебюттік ойында "Окленд Сити" командасы мюнхендік "Бавариядан" 10:0 есебімен жеңіліп қалды. Қақпашы Конор Трейси ойынның барлық 90 минутын алаңда өткізді.

Алайда нәтиже оған кедергі болмады: ол балалық арманын орындап, аңыз қақпашы Мануэль Нойермен қол алысты.

Қос өмір

Трейси – «Окленд Сити» клубының негізгі қақпашысы. Ол 2019 жылдан бері командада ойнап келеді. Бұған дейін «Кентербери Юнайтед» және «Эллерсли» клубтарында өнер көрсеткен .

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір