Реклама
Реклама

"Қайратқа" соққы, "Ақтөбеге" қайғы – "Астана" тағы да алға шықты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
22.06.2025, 22:10

Қазақстан Премьер-Лигасының 13-турындағы "Ақтөбе" мен "Астана" матчы елордалық команданың пайдасына шешілді. Жалғыз гол пенальтиден соғылды.

Instagram/@fcaktobe_official

Екінші таймдағы драма

"Қобыланды батыр" атындағы стадионда жанкүйерлер көптен күткен текетірес өтті. Бірінші таймда қос команда қауіпсіз ойынды таңдады. Қақпа маңында аса қауіпті сәттер аз болды. Бірақ үзілістен кейін алаң иелері белсендірек қимылдап, бірнеше мәрте есеп ашуға жақын болды.

Дегенмен матч тағдырын 84-минутта белгіленген пенальти шешті. Бас төреші астаналықтардың пайдасына 11 метрлік айып добын белгіледі. Оны Марвин Грипши торға дәл бағыттады. 

Турнирлік жағдай қалай өзгерді?

Бұл жеңіс арқылы "Астана" 33 ұпаймен көшбасшылықты қайта қолына алды. Команда "Қайраттан" үш ұпай алда келеді. Ал "Ақтөбе" 26 ұпаймен төртінші орынға жайғасты. Турнирлік кестедегі бәсеке одан әрі ушыға түсті.

Реклама
Реклама