Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ювентус" морокколық клубты таптап өтті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
22.06.2025, 23:48

Клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кезекті матчта "Ювентус" пен морокколық "Видад" алаңға шықты.

101greatgoals.com
Реклама
Реклама

Филадельфиядағы футбол мейрамы

Ойын басталысымен "Ювентус" шабуылға ден қойып, 6-минутта-ақ есеп ашты. Дегенмен бұл голды өз қақпасына Абделмунаим Бутуил соғып алды. Ал 10 минуттан кейін Кенан Йылдыз нәтижені еселей түсті. 

25-минутта Тембинкоси Лорч "Видадтың" есепті қысқартты. Алайда бұл тек жалғыз жұбаныш болды. Екінші таймда Кенан Йылдыз тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Ал матчтың қосымша минуттарында Душан Влахович пенальтиден мүлт кетпей, қорытынды есепті бекітті — 4:1.

Турнирлік жағдай: "Ювентус" — көшбасшы

Бұл жеңістен кейін "Ювентус" G тобында 6 ұпаймен бірінші орынға жайғасты. Ал "Видад" екі матчтан кейін де ұпайсыз қалып, үшінші орында тұр. "Манчестер Сити" үш ұпаймен екінші болса, "Әл-Айнде" ұпай жоқ. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары