Абдукодир Хусановтың камбэгі ірі жеңіспен аяқталды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 11:03

Клубтық әлем чемпионатының екінші турында "Манчестер Сити" мен БАӘ өкілі "Әл-Айн" кездесті.

supersport.com

Гюндоган дубль жасады, ал Хусанов 61 минут ойнады

АҚШ-тың Джорджия штатындағы Атланта қаласындағы "Мерседес-Бенц Стэдиум" аренасында өткен матч нағыз біржақты спектакльге айналды. "Қалалықтар" 6:0 есебімен қарсыласын талқандап, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Гол авторлары:

  • Илкай Гюндоган – дубль
  • Клаудио Эчеверри, Эрлинг Холанд (пенальтиден), Оскар Бобб, Райан Шерки – бір-бір голдан

Айта кетерлік жайт, Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов ұзақ үзілістен кейін "Сити" сапында негізгі құрамда шықты. Алайда ол 61 минутқа дейін ғана ойнап ауыстырылды.

Турнирдегі жағдай: "Сити" мен "Ювентус" плей-оффта

Бұл жеңістен кейін Гвардиол шәкірттері екі ойында 6 ұпай жинап, "Ювентуспен" бірге плей-офф кезеңіне шықты. Итальяндықтар да екі жеңіспен көш бастап тұр. Ал "Видад" пен "Әл-Айн" екі турда да жеңіліп, жарыс жолынан ерте шығып қалды.