Шұғыл 15 млн қажет: "Рома" жұлдызды шабуылшысын сатуға мәжбүр

Редактор Penalty.kz
28.06.2025, 18:08

"Рома" FFP талаптарын орындау үшін Тэмми Абрахамды сатпақ. Клуб 30 маусымға дейін кемі 15 млн еуро табыс түсірмесе, УЕФА санкциясына ұрынады.

sports.ru

Дедлайн қысымында қалған “қасқырлар”

Римдік клуб 30 маусымға дейін 15 млн еуро мөлшеріндегі трансферлік табыс түсіруге міндетті. Әйтпесе УЕФА қаржылық фэйр-плэй келісімін бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолданады.

Жаңа бас бапкер Джанпьеро Гасперини ағылшындық шабуылшы Тэмми Абрахамды жоспарында көрмейді. 2024/25 маусымын “Милан” сапында жалға өткізген 27 жастағы форвард енді Сауд Арабиясы клубтарына ұсынылуда. Өзінің айтуынша, АПЛ-ға қайта оралу мүмкіндігін де қарастырады. Оның қазіргі жылдық жалақысы – 4,5 млн еуро. 

FFP талаптары неге өзекті?

2020-дағы COVID дағдарысынан кейін УЕФА клубтардың таза залалын үш жылда 60 млн еуродан асырмауды міндеттеді. “Рома” бұған дейін де айыппұл төлеп, ойыншылар тізімін қысқартуға мәжбүр болған. Жаңа трансферлерге жол ашу үшін клубқа дереу плюсвалюта (пайда) қажет.