Футбол әлемінде күтпеген, бірақ жарқын жаңалық болды. Поль Погба "Монакомен" келісімшартқа отырды. Бұл трансфер ұзаққа созылған үнсіздіктен кейінгі нағыз сенсация.
Поль Погба “Монакомен” келісімшартқа отырған сәтте көзіне жас алып, толқып кетті.
30 жастағы Погба соңғы рет жоғары деңгейде 2022 жылы өнер көрсеткен. Ол уақытта допингке қатысты ереже бұзғаны үшін футболдан уақытша шеттетілді. Бұл үзіліс француз футболшысы үшін оңай болған жоқ.
“Мен ешқашан берілмедім. Футбол – менің өмірім. Мен әлі де жоғары деңгейде ойнауға дайын екенімді дәлелдегім келеді”, – деді Погба өзінің Instagram парақшасында.
“Монако”үшін бұл трансфер стратегиялық шешім. Клуб өкілдерінің айтуынша, Погбаның тәжірибесі мен шеберлігі команданы жаңа деңгейге шығара алады. Ол орта алаңда негізгі тірек болмақ.
Клубтың спорт директоры сөзінде:
“Поль – нағыз көшбасшы. Оның бойындағы рух пен алаңдағы харизмасы бізге өте қажет. Ол тек ойыншы ғана емес, жас футболшыларға үлгі бола алады”, – деді клубтың ресми сайтында.
Погбаның басты мақсаты – 2026 жылғы Әлем чемпионатына Франция құрамасының сапында қатысу. Бұл үшін оған алдағы маусымда тұрақты ойын тәжірибесі мен жоғары нәтиже көрсету қажет.
“Менің арманым – көк жейдені тағы бір мәрте кию. Бар күшімді осы мақсатқа жұмсаймын”, – дейді Погба.
Футбол жанкүйерлері үшін бұл жаңалық – үміт пен қызығушылық тудыратын оқиға. Погбаның қайта оралуы француз футболына жаңа тыныс беруі мүмкін. Енді барлығын алда болатын Лига 1 маусымындағы алғашқы ойындар көрсетеді.