Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Винисиус кетеді ме? Жұлдызды ойыншы "Реалмен" келісімге келе алмай жатыр

Редактор Penalty.kz
29.06.2025, 14:40

Бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор мен мадридтік "Реал" клубының арасында жаңа келісімшарт бойынша жағдай ушығып тұр. Жұлдызды футболшының командадан кетуі мүмкін деген сыбыстар футбол әлемін дүр сілкіндірді.

ondoruso.ru
ondoruso.ru

30 млн еуро және бонус: Винисиустың талабына не себеп?

Фабрицио Романо және басқа беделді инсайдерлердің хабарлауынша, Винисиус жылына 30 миллион еуро көлемінде жалақы талап етіп отыр. Сонымен қатар жаңа келісімшартқа қол қойса, қосымша бонус төлеуді сұраған.

Алайда футболшының жақын ортасы бұл ақпаратты жоққа шығарып, клубпен келісімшарт бойынша нақты уағдаластық жасалмағанын мәлімдеді.

"Қазір Винисиус “Реалмен” жаңа келісімге келді деу – асыра сілтеу. Әзірге ешқандай нақты келісім жоқ", – дейді футболшыға жақын дереккөздер.

Әлеуметтік желідегі әрекет: Винисиус нені меңзеді?

Оқиғаны ушықтырған тағы бір фактор — Винисиустың әлеуметтік желідегі әрекеті. Ол Instagram мен басқа платформалардан “Real Madrid” деген жазбаны профилінен алып тастаған. Бұл жанкүйерлер арасында түрлі пікір мен алып-қашпа әңгімелерге себеп болды.

Бұған дейін испандық жанкүйерлердің бір бөлігі Винисиуске ашық түрде “кет!” деп жазып, қысым көрсеткен еді. Футболшының бұл реакциясы дәл осы сындарға жауап ретінде қабылданып отыр.

Клуб әзірге үнсіз

Мадридтіктер тарапынан әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Бірақ клуб үшін Винисиус – стратегиялық маңызды ойыншы, сондықтан тараптар келісімге келуге тырысады деген болжам бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір