Ол бұған дейін мүлдем шетелдік клубта өнер көрсетпеген.
Шымкенттік «Ордабасы» клубы Румыниядан келген жартылай қорғаушы Михай Кэпэцынэмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
"Осы маусымда Михайға клубымыздың сапында жаңа белестерді бағындыруды тілейміз. Жанұямызға қош келдің, Михай", - делінген клубтың ресми хабарламасында.
29 жастағы Михай Кэпэцынэ — румын футболының түлегі. Ол мансабында отандық бірнеше клубта ойнаған:
Қазақстанға ауысу арқылы Кэпэцынэ алғаш рет Румыниядан тыс елде ойнағалы отыр.
2025 жылғы маусымда «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 19 ұпаймен 7-орында келеді. Клубты Андрей Мартин жаттықтыруда.
Шымкенттік команда Қазақстан Кубогы жолындағы күресті де жалғастырып келеді. Жартылай финалдың алғашқы матчында олар петропавлдық «Қызылжармен» тең ойнады.