
Ол клубтың қаржылық дауға байланысты Лига 2-ге түсіп кетпеуімен айналысады.
Францияның әйгілі «Лион» футбол клубының тарихында алғаш рет клуб президенті қызметіне әйел тағайындалды. Жаңа басшы – 66 жастағы Мишель Канг.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мишель Канг 2023 жылдан бері директорлар кеңесінің мүшесі болып келген. Енді ол ресми түрде «Лион» клубының президенті және басқарма төрағасы атанып, атқарушы басқару жұмыстарына белсенді араласады.
Мишель Кангтың басты міндеттерінің бірі – «Лионның» Лига 2-ге түсірілгені жөніндегі шешімге қарсы апелляция беру болмақ.
Еске салайық, клуб қаржылық тәртіп бұзушылықтар мен қарыздарына байланысты Францияның Лига 1 чемпионатынан шеттетілген болатын.