Рамазан Оразов Қазақстан Премьер-Лигасындағы "Елімаймен" келісімшарт жасаспақ.
27 жастағы жартылай қорғаушы 2024 жылдың жазында Қостанайдың "Тобылынан" Данияның "Силькеборг" клубына ауысқан еді. Сол уақыттан бері ол еуропалық чемпионатта 24 матч өткізіп, 3 гол соқты. Бұған дейін Оразов Словенияның "Копер" клубының да намысын қорғаған. Бірақ сол командамен келісімшарт 2025 жылдың қаңтарында мерзімінен бұрын тоқтатылған.
Рамазан Оразов Қазақстан ұлттық құрамасында 2021 жылдың 31 наурызында Украинаға қарсы әлем чемпионатына іріктеу кездесуінде дебют жасаған. Сол уақыттан бері құрама сапында 31 матч өткізіп, бір голдың авторы атанды. Ол – ұлттық құраманың тұрақты ойыншыларының бірі.
Transfermarkt сайтының мәліметіне сүйенсек, Рамазан Оразовтың қазіргі нарықтық құны – 350 мың еуро. Бұл – ішкі лига үшін айтарлықтай бағаланатын көрсеткіш.
Семейлік клуб биылғы маусымда 14 матч өткізіп, 24 ұпай жинаған. Қазір команда турнир кестесінде бесінші орында тұр. Рамазан Оразовтың келуі семейліктердің шабуыл әлеуетін күшейтеді деген үміт бар.