Мюнхеннің "Бавария" клубында 25 жылдан астам өнер көрсеткен Томас Мюллер енді МЛС-те (АҚШ пен Канаданың футбол лигасы) жаңа карьералық кезеңді бастауға дайын.
35 жастағы неміс шабуылшысы канадалық “Ванкувер Уайткэпс” клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Белгілі инсайдер Бен Джейкобстың мәліметінше, келісімшартқа қол қоюға аз қалды. Егер күтпеген жағдайлар болмаса, трансфер жуық арада ресми түрде жарияланады.
Томас Мюллер — тек Германия емес, әлем футболының символына айналған ойыншы. Ол:
Ол — “Бавария” тарихындағы ең табысты ойыншылардың бірі, әрі 25 жылдан астам уақыт бойы тек бір ғана клубқа адал болған символикалық тұлға.
Егер трансфер сәтті жүзеге асса, Томас Мюллер “Ванкувер Уайткэпс” сапына қосылады. Команда қазір MLS Батыс конференциясында екінші орында, 24 матчтан кейін 45 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне басты үміткерлердің бірі саналады.
Мюллердің тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттері канадалық клубтың шабуылын жаңа деңгейге көтеруі мүмкін.
Соңғы жылдары МЛС-ке Лионель Месси, Серхио Бускетс, Джорди Альба сынды футболшылар ауысты. Енді бұл қатарға Томас Мюллердің де қосылуы мүмкін. Бұл МЛС-тің дамып жатқан лига екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.