Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жарты жыл ойынсыз, жарақаттар және жаңа мүмкіндік: Бақтиер Зайнутдинов РПЛ-ге оралды

Редактор Penalty.kz
29.07.2025, 12:50

Кеше Мәскеудің "Динамо" клубы ресми түрде Бақтиер Зайнутдиновтың "Бешікташтан" ауысқанын хабарлады. Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені үшін бұл қадам карьералық "рестарт" бола ма, жоқ па?

instagram/@fcdynamo
instagram/@fcdynamo

Түркиядағы үміт пен күйреу: 4,5 миллион еуро не үшін төленді?

27 жастағы Зайнутдинов РПЛ-де өзін дәлелдеп, Түркияның “Бешікташ” клубына рекордтық 4,5 миллион еуроға ауысқан алғашқы қазақстандық. Бұл көпшіліктің үмітін оятты: енді Бақтиер Еуропаның үздік 5 лигасының біріне жетеді деген сенім артты.

Бірақ Түркиядағы жағдай мүлде басқа сценариймен өрбіді. 2023 жылдың тамызында Ыстамбулға аттанған футболшы алғашында негізгі құрамнан орын алды. Алайда жаттықтырушылар жиі ауысатын түрік футболында Бақтиер біртіндеп қосалқы құрамға түсіп қалды.

“Хрустальный” статус: жарақаттар тізімі өсуде

2024 жылдың ақпанынан бері Зайнутдинов алаңға сирек шықты. 2024/25 маусымында тек желтоқсан мен қаңтарда ойын тәжірибесі болды. Бірақ одан кейінгі жарақат — жамбас бұлшықетінің созылуы оның орнын тағы да лазаретке байлады.

Осы уақытқа дейін Бақтиер 10 рет жарақат алған, ал жасы небәрі 27-де. Бұл статистика оны "хрустальный ойыншы" ретінде тануға мәжбүрлейді. Атап айтқанда, ол Әли Әлиев баптаған ұлттық құраманың сапында да әлі бірде-бір ойын өткізген жоқ.

Трансфер құны төмендеді: “Бешікташ” кімге тиімді болды?

2023 жылдың тамызында Зайнутдиновтың трансферлік құны 6 миллион еуро болса, бүгінде ол 3 миллионға дейін құлдырады. “Динамо” бұл футболшы үшін 2,8 миллион еуро өтемақы төледі. Есесіне “Бешікташ” негізгі құрамда ойнамаған, жиі жарақат алатын ойыншыдан табыс тауып үлгерді.

Карпин және жаңа мүмкіндік: “Ростов” кезіндегі сенім қайта орала ма?

Бақтиер үшін РПЛ — таңсық емес. Ол бұл лигада 6 маусым өткізді, оның жартысын Валерий Карпиннің “Ростовында”. Қазір сол Карпин “Динамоның” тізгінін ұстауда және бұрынғы шәкіртіне сенім артып отыр.

2019/20 маусымы — екеуінің ең сәтті кезеңі болды: “Ростов” Еурокубок іріктеуіне жолдама алып, Зайнутдинов ЦСКА-ға 2 миллион еуроға сатылды. Енді ол сол сенімді қайта ақтағысы келеді.

Қай позицияда ойнайды? Сол қапталдағы бәсеке жоғары

Зайнутдинов сол қапталдағы қорғаушы рөлінде ойнауы мүмкін. Бұл позицияда былтыр Дмитрий Скопинцев негізгі ойыншы болды (орташа баға — 6.8). Сондай-ақ Александр Кутицкий мен Диего Лаксальт та бәсекелестер қатарында.

Карпиннің жоспары бойынша, барлығына тең мүмкіндік беріледі. Алайда Зайнутдиновтың жарақатқа бейімділігі оның басты минусы болып қала бермек.

Қарапайым чемпионатқа оралу — артқа қадам ба?

Ресей чемпионаты Түркия лигасына қарағанда деңгейі төмен екені жасырын емес. Сондықтан Бақтиер үшін бұл ауысым — карьерасын сақтап қалуға бағытталған амал. Ол төрт жылдық келісімшартқа қол қойды. Бірақ егер осы кезеңде өзін дәлелдей алмаса, келесі қадамы төмендеу клуб болуы мүмкін.

Еуропаға қайта оралу мүмкіндігі теория жүзінде бар. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, РПЛ-ден ойыншы сатып алу тренді азайған. Реалистік сценарий — “Динамоның” негізгі құрамында біраз ойнап, жарақаттармен қайта күресу, кейін ресейлік орта деңгейлі клубқа өту және мансапты Қазақстанда аяқтау.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір