
Италиялық қақпашы Джанлуиджи Доннарумма Чемпиондар лигасын жеңіп алғаннан кейін де «Пари Сен-Жерменнен» кетуі мүмкін. Себебі – қаржылық талаптар. Бұл туралы L’Équipe және Foot Mercato басылымдары хабарлайды.
26 жастағы Джанлуиджи Доннарумма «ПСЖ»-мен жаңа келісімшартқа келісе алмай жатыр. Қақпашы жалақысын 15 млн еуроға дейін көтеруді талап етуде, ал қазіргі табысы жылына 13 млн шамасында. Париждік клуб, керісінше, жалақыны 10 млн-ға дейін қысқартып, айырманы бонустар арқылы өтеуді ұсынған.
Келісімшарт мерзімі 2026 жылға дейін ғана, сондықтан тараптар мәмілеге келмесе, қақпашыны жазда сатукүн тәртібіне шығады.
L’Équipe мәліметінше, клуб «Лилль» қақпашысы Люка Шевальені шамамен 40 млн еуроға сатып алуға келіскен. Журналист Саша Тавольери Шевальеге негізгі құрам кепілдендірілгенін жазады. Бұл жағдай Доннарумманың болашағына күмән тудырып отыр.
Италиялық қақпашы ротацияны құптамайды, әр матчта ойнауға ұмтылады. Өткен маусымда ол Луис Энрике мен Матвей Сафоновтың ротациясына қарсы наразылық білдірген болатын.
Foot Mercato және Тавольери деректері бойынша, Доннаруммаға бірнеше клуб көз салып отыр:
2025 жылдың мамырында агент Энцо Райола былай деді:
«Доннарумма Парижде бақытты. Бірақ келісім болмаса, басқа нұсқаларды қарастырамыз. Басқа клубтардың қызығушылығы — жақсы белгі».
Сондай-ақ, клиентінің рөлін жоғары бағалап:
«Доннарумма – «Алтын допқа» лайық. Чемпиондар лигасын онсыз жеңу мүмкін болмас еді», – деді Райола.