"Қайрат" КуПС-пен өтетін қарымта матч алдында жаттығу өткізді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

"Қайрат" ФК Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі финляндиялық КуПС командасына қарсы өтетін жауапты матч алдында дайындық жаттығуын өткізді.

"Қайрат" КуПС-пен өтетін қарымта матч алдында жаттығу өткізді (ВИДЕО)
instagram/@f.c.kairat

Команданың басты ойыншылары жаттығуға толық қатысты

Жаттығу барысынан үзінділер клубтың ресми Instagram парақшасында жарияланды. Бейнежазбада алматылық клубтың негізгі ойыншылары — Гиорги Зария, Дастан Сәтпаев, Жоржиньо, Валерий Громыко сынды футболшылар жаттығу алаңына шыққаны көрсетілген.

“Ертеңгі маңызды матчқа дайындықты бастап кеттік!”— деп жазылған ел чемпионының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бірінші матч нәтижесі және реванш мүмкіндігі

Айта кетейік, аталмыш жұптың алғашқы кездесуі 22 шілдеде Финляндияның Куопио қаласында өткен. Сол ойында “Қайрат” 2:0 есебімен жеңіліс тапты. Енді алматылықтар Алматыдағы Орталық стадионда қарымта матч өткізеді. Бұл ойын 29 шілдеге жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір