Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Қайрат" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласын білді

Редактор Penalty.kz
04.08.2025, 15:52

Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Егер "Қайрат" Братиславаның "Слован" клубынан өте алса, келесі кезеңде Шотландияның "Селтик" командасымен кездеседі.

instagram/@f.c.kairat
Реклама
Реклама

Плей-оффтағы ықтимал қарсылас — "Селтик" 

Плей-офф матчтары 19/20 және 26/27 тамыз күндері өтеді. Алғашқы кездесу Қазақстанда немесе Шотландияда болатыны кейін анықталады.

Алматылық команда іріктеу кезеңінде мықтылығын дәлелдеп келеді:

  • 1-іріктеу кезеңі: "Қайрат" Словенияның "Олимпия" клубын екі матч қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңді.
  • 2-іріктеу кезеңі: Финляндияның КуПС командасын 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Келесі қарсылас — "Слован". Алғашқы ойын 6 тамыз күні Алматыда өтеді. Қарымта матч бір аптадан кейін Словакияда болады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары