ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

"Ақтөбе" аңызы клубқа оралды

Қазақстан футболының танымал есімдерінің бірі — Марат Хайруллин ресми түрде "Ақтөбе" ФК спорт директоры болып тағайындалды.

"Ақтөбе" аңызы клубқа оралды
kazfootball.kz

308 ойын, 79 гол және аңызға айналған мансап

41 жастағы маман футболдағы кәсіби жолын Қазан қаласынан бастаған. Қазақстанда бірнеше клубтың жейдесін киді: «Оқжетпес», «Атырау», «Қайсар» және ең бастысы — «Ақтөбе». Қызыл-ақ түсті ұжымның құрамында 308 матч өткізіп, 79 гол соққан Хайруллин клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген мәртебесіне ие.

"Ақтөбе" Маратсыз — тарихсыз!" — клуб жанкүйерлері оны осылай сипаттайды.

Футболшы ретіндегі мансабын 2019 жылы "Қайсар" сапында аяқтаған Марат енді жаңа рөлде командаға пайдасын тигізбек.

Ресейлік маманмен қош айтысты

Айта кетейік, бұған дейін "Ақтөбенің" спорттық директоры қызметін ресейлік Сергей Доронченко атқарды. 58 жастағы маман клубтан кеткеннен кейін бұл лауазым бос қалған. Енді оған лайық, өз клубының аңызы қайта оралып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.