
Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Егер "Қайрат" Братиславаның "Слован" клубынан өте алса, келесі кезеңде Шотландияның "Селтик" командасымен кездеседі.
Плей-офф матчтары 19/20 және 26/27 тамыз күндері өтеді. Алғашқы кездесу Қазақстанда немесе Шотландияда болатыны кейін анықталады.
Алматылық команда іріктеу кезеңінде мықтылығын дәлелдеп келеді:
Келесі қарсылас — "Слован". Алғашқы ойын 6 тамыз күні Алматыда өтеді. Қарымта матч бір аптадан кейін Словакияда болады.