Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Роналдудың араласуымен “Әл-Наср” жаңа жұлдызға көз тікті

Сарапшы, спорт журналисі
04.08.2025, 21:40

Әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубын жаңа трансфермен күшейткісі келеді.

espn.com
Реклама
Реклама

Роналду ұсынысы – Гринвуд

Португалиялық аңыз шабуылшы "Әл-Насрдың" сапын нығайту мақсатында жаңа ойыншыларға көз тігіп отыр. Криштиану "Марсельдің" 23 жастағы вингері Мэйсон Гринвудты ұсынғанын хабарлады.

"Әл-Насрдың" бапкерлік штабы ағылшын футболшысына оң бағасын берген. Алайда келісім әлі де белгісіз күйде қалып отыр. Себебі француздар Гринвудты сатуға асық емес. Ал ойыншының өзі Еуропада қалғысы келеді.

Мэйсон Гринвуд. ФОТО: theguardian.com

Трансфер бағасы мен мансап жолы

Transfermarkt порталының мәліметінше, Мэйсон Гринвудтың қазіргі трансферлік құны 40 миллион еуро.

Ағылшын вингерінің футболдағы жолы:

  • Тәрбиеленуші клубы – "Манчестер Юнайтед" 
  • 2023/24 маусымында "Хетафеде" ойнады
  • Қазіргі клубы – "Олимпик Марсель" 
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары