Франция футболында жаңа сенсация – "ПСЖ" 40 млн еуроға "Лилль" голкипері Люка Шевальені сатып алуға жақын.
Фабрицио Романо мәлімдегендей, "Пари Сен-Жермен" мен "Лилль" арасында Люка Шевальеге қатысты ауыс жөніндегі келісім жүзеге асырылуға жақын. Келіссөздер клуб президенттері — Нассер әл-Хелайфи мен Оливье Летанг арасында тікелей жүргізіліп, нақты шарттар талқылануда.
Журналистердің хабарлауынша, келіссөздер 40 млн еуро шамасында, ал келісімшарт 2030 жылға дейінгі 5 жылдық мерзімді қамтиды деген мәлімет бар.
Бұл трансфер "ПСЖ" -нің негізгі қақпашысы Джанлуиджи Доннаруммамен келіссөздер тоқырап қалғаннан кейін өзекті болып отыр. Италиялық ойыншымен жаңа келісімшарт бойынша мәмілеге келе алмағандықтан клуб жаңа буын голкиперді тартуды қарастырып отыр. Бұл қадам президенттер мен менеджменттің клубтағы голкипер позициясын ұзақ мерзімге сенімді қорғаумен қамтамасыз еткісі келетін стратегиясына сай келеді.
23 жастағы француз голкипері талантты, кәсіби тұрғыда дайын, әрі дамуға зор потенциалы бар ойыншы ретінде бағаланып отыр. Шевалье "Лилль" сапында Чемпиондар лигасында сенімді өнер көрсетіп, өз әлеуетін дәлелдеген.
Клуб трансфер саясатын өзгертіп, бұрынғыдай тек супержұлдыздарға таңылмай, Франциядан жас әрі талантты ойыншыларға ұмтылуда.
Шевальеге "Манчестер Сити", "Арсенал" және т.б. Еуропаның алпауыт клубтары қызығушылық білдірген болатын. Бірақ "ПСЖ" әрекетке ерте кірісіп, басты бәсекелестерін озып шықпақ.