ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Қайраттың" арқасында! Қазақстан УЕФА рейтингінде жоғарылады

Алматылық "Қайраттың" "Слованды" жеңуі UEFA рейтингінде елдің позициясын жақсартты. Бұл жеңіс арқылы Қазақстан 37-орынға көтеріліп, Босния мен Герцеговина мен Косовоны басып озды.

"Қайраттың" арқасында! Қазақстан УЕФА рейтингінде жоғарылады
fckairat.com

Қазақстан УЕФА клубтық рейтингінде тағы бір сатыға көтеріліп, 37-орынды иеленді. Бұл жетістікке алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Слованды" жеңуі себеп болды.

2025 жылдың 7 тамызында жаңартылған УЕФА коэффициенттер кестесінде Қазақстан 11.750 ұпай жинап, Босния мен Герцеговина және Косоводан озып, 37-орынға көтерілді. 

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде братиславалық "Слованды" 1:0 есебімен тізе бүктіріп, Қазақстан қоржынына маңызды ұпай қосты. Осы нәтижеден кейін 2025/26 маусымындағы елдік коэффициент 1.625-ке жетті.

"Астана" да еурокубокта ел намысын қорғауда

Еліміздің тағы бір өкілі — "Астана" футбол клубы Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Швейцарияның "Лозанна" командасымен кездесті. Өкінішке қарай, алғашқы матчта қазақстандықтар 1:3 есебімен жеңілді.

Неліктен УЕФА рейтингіндегі өсу маңызды?

УЕФА-ның ұлттық коэффициент рейтингі — елдің клубтық бәсекелердегі нәтижесіне негізделіп жасалады. Бұл рейтинг болашақта қанша команда еурокубоктарға қатыса алатынын, қай кезеңнен бастайтынын анықтайды. Яғни, Қазақстан үшін әрбір ұпай — футбол инфрақұрылымы мен халықаралық аренадағы өсуінің көрсеткіші.

Бұл туралы не ойлайсыз?