Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Александр Исак: «Уәделер бұзылды – енді “Ньюкаслға” сенім жоқ»

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:10

«Ньюкасл Юнайтед» шабуылшысы Александр Исак клуб басшылығымен қақтығысқа түсті. «Ливерпульден» 110 миллион фунт пен бонус ұсынысына қарамастан, ағылшындар оны сатпады. Нәтижесінде 25 жастағы форвард жаттығуларға және ойындарға шықпай отыр.

фото: ашық дереккөздерден алынған
Реклама
Реклама

Исак «Ньюкаслды» уәдесінде тұрмады деп алғаш рет ашық айыптады

Швеция құрамасының шабуылшысы клубқа қатысты алғашқы ашық мәлімдемесін жасады. Оның айтуынша, басшылық өз уәдесін орындамаған және сенім жоғалған.

Әлемдік спорт басылымдары таратқан сұхбатында Исак жағдайға байланысты қатты қынжылысын жеткізді:

«Маған уәделер берілген, бірақ сенім жоғалды. Қарым-қатынас жалғаса алмайды», — деді швед шабуылшысы.

Бұл сөздер — Исактың «Ньюкаслға» бағыттап айтқан алғашқы ашық айыптауы болды.

Клубтың жауабы

Форвардтың мәлімдемесіне жауап ретінде «Ньюкасл Юнайтед» басшылығы қатаң ұстанымын білдірді. Ресми өкілдері:

«Осыдан кейін Исак ешқайда жіберілмейді», — деп атап өтті.

Осылайша, ойыншы мен клуб арасындағы қарым-қатынас ашық жанжалға айналды: Исак сенімнің жоғалғанын айтса, басшылық керісінше, оны жібермейміз деп бекем ұстанып отыр.

Исактың ресми мәлімдемесі

Футболшы өзінің Instagram парақшасында да жағдайға түсініктеме берді. Ол Англия кәсіпқой футболшылар қауымдастығы (PFA) ұйымдастырған марапаттау кешіне қатыспауын осы шиеленіспен байланыстырды.

«Маған уәделер берілді, ал клуб менің ұстанымымды баяғыдан біледі. Бұл мәселелер енді ғана туындағандай кейіп таныту – алдау. Уәделер бұзылып, сенім жоғалған кезде, қарым-қатынасты жалғастыру мүмкін емес. Өзгерістер баршаға пайдалы болады», – деп жазды Исак.

Символикалық құрамдағы орын

Қақтығысқа қарамастан, Александр Исак 2024/25 маусымының қорытындысы бойынша Англия Премьер-лигасының символикалық құрамына енді. Бұл шешім футбол қауымдастығы тарапынан оның маусымдағы үздік ойынына берілген бағасы болды.

Исак командаластарына және «Ньюкасл» қызметкерлеріне алғысын білдірді, бірақ дәл қазіргі жағдайда марапаттау рәсіміне қатысуын «орынсыз» деп атады.

Болашағы қалай болмақ?

Александр Исак «Ньюкаслдың» шабуылдағы басты күші саналады. Сондықтан оның клубпен арасындағы қақтығысы команда ішіндегі атмосфераға және жаңа маусымдағы нәтижелерге тікелей әсер етуі мүмкін.

Еуропалық спорт сарапшылары бұл жағдайды жаңа «трансферлік драмаға» айналуы ықтимал деп бағалап отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары