Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы кездесу Алматыда емес, елордадағы «Астана Аренада» өткенін жөн санады.
Магеррамовтың айтуынша, матч күнтізбеге сәйкес 30 қыркүйек, сейсенбі күні өтеді.
"Мен бұл кездесуге барғым келеді. Бірақ ол жұмыс күніне түсіп тұр. Өзім «Барселонаға» жанкүйермін, алайда «Реалды» көзбен көру – сирек мүмкіндік", – деді ол.
Депутат Алматыдағы ауа райының қыркүйек айының соңында құбылмалы болатынын алға тартты.
"Менің ойымша, ойынды Астанада өткізген әлдеқайда қолайлы. «Астана Арена» жабық стадион. Сондықтан ауа райына тәуелді болмаймыз. Алматылықтарға бар құрметіммен айтамын, бірақ елордада матч өткізу ыңғайлырақ еді", – деп түйіндеді Магеррамов.