Қазақстан құрамасы бүгін Астана Аренада Уэльспен әлем чемпионаты–2026 іріктеуіндегі шешуші ойынды өткізеді.
Қазақстан футбол құрамасы бүгін Астана Аренада Уэльс командасымен шешуші ойынды өткізеді. Жеңіс жағдайында біздің ұлттық команда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі басты үміткерлердің қатарына қайта қосылуы мүмкін.
Ресейлік спорт шолушысы Александр Троицкий алдағы ойынға қатысты пікір білдірді.
«Топтағы жағдай Қазақстан үшін қиын, бірақ әлі үміт бар. Шығу мүмкіндігі сақталуда. Ең бастысы – бүгін жеңіске жету. Бұл қолымыздан келеді. Біз «Селтикті» ұтқан «Қайратты» көрдік. Ал Уэльс деңгейі онша алыс емес», – деді журналист «Азия Спорт» телеграм-арнасында.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы J тобында 3 ұпаймен 4-орында келеді. Жеңіс жағдайында команда плей-офф аймағына жақындай түседі.
Қазақстан құрамасы үшін бұл тек үш ұпай ғана емес, тарихи мүмкіндік. Жеңіс – команданы жанкүйерлер сенімін ақтауға жақындатады әрі әлемдік аренаға шығуға жол ашады. Ал егер тағы ұтылсақ, топтан шығу жолы айтарлықтай қиындайды.