Футбол тарихындағы ең қымбат жаз. Трансфер рекорды жаңарды
04.09.2025, 18:36
2025 жылдың жазында әлемдік футбол тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш тіркелді. ФИФА мәліметінше, ерлер де, әйелдер де трансферлік рекордтарды жаңартты.
footballfancast.com
Рекордтық көрсеткіштер
1 маусым мен 2 қыркүйек аралығында ерлер футболында шамамен 12 000 трансфер тіркелді.
Әйелдер клубтарында бұл көрсеткіш 1100-ден астам болды.
Жалпы шығын көлемі 9,76 миллиард долларға жетті. Бұл жазғы трансфер терезесінің тарихындағы ең жоғарғы сома.
2024 жылмен салыстырғанда шығын көлемі 50%-ға артқан.
Англия көш бастап тұр
Трансфер шығындары бойынша басты көшбасшы – Англия клубтары. Олар бір жазда 3 миллиардтан астам доллар жұмсаған.
Атап айтқанда, «Ливерпуль» жаңа ойыншыларға 483 миллион еуро шығындап, бір трансферлік кезеңде рекорд орнатты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама