ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін халықаралық күнтізбеге өзгеріс енгізгелі отыр. Екі үзіліс орнына біреу қалады, бірақ матчтар саны қысқармайды. Бұл шешім ойыншылар мен жанкүйерлер арасында қызу талқылауға себеп болуда.
ФИФА-ның жаңа форматы тек ұлттық құрамалардың матчтарына қатысты:
Яғни, ойыншылар үшін матч саны азаймайды. Керісінше, клубтық чемпионаттардың матчтары да қосылып, футболшыларға бұрынғыдан да ауыр кесте түсуі мүмкін.
ФИФА ресми түрде басты мақсат – үзілістердің санын қысқарту деп түсіндіреді. Бұл ұлттық лигаларға кестені ыңғайлы құруға мүмкіндік береді. Бірақ ойыншыларға қосымша демалыс берілмейді.
Сарапшылардың пікірінше, ұйым тағы да ішкі чемпионаттармен кеңеспей шешім қабылдаған. Дәл осы жағдай клубтық әлем чемпионатын кеңейту кезінде де байқалған еді.
Футбол әлемінде өзгеріске бірден қарсы пікірлер естіле бастады.
Килиан Мбаппе: «Бізге көбірек демалыс керек. Әр маусым сайын матчтардың саны артып жатыр», – деп мәлімдеді.
Соңғы екі жылда бірқатар жұлдыз ойыншылар кестенің тым ауыр екенін айтып, тіпті бойкот жайлы ой қозғағанымен әзірге ойын жалғасуда. Бұл сындардың бәрі ФИФА-ның шешімін қайта талқылауға итермелеуі мүмкін.
ФИФА-ның жаңа форматы бір жағынан ұлттық чемпионаттардың кестесін ретке келтіреді. Бірақ екінші жағынан – ойыншылардың физикалық жүктемесін арттырады. Қазіргі футболда басты сұрақ: коммерция ма, әлде ойыншылардың денсаулығы ма?
Жанкүйерлер үшін бұл өзгеріс көбірек халықаралық матчтар әкелмек. Ал футболшылар үшін – шаршау мен жарақат қаупін арттыратын жаңа сынақ.