Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Рамазан Оразов: «Кез келген командаға қарсы ойнауға болады»

Сарапшы, спорт журналисі
07.09.2025, 15:30

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Бельгиямен өтетін шешуші матч қарсаңында батыл мәлімдеме жасады. Ол қарсыластың жас әрі талантты ойыншыларға толы екенін атап өтіп, соған қарамастан ұлттық құраманың дайын екенін жеткізді.

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Брюссельде Бельгияға қарсы матч өткізеді. Тартысты кездесу алдында жартылай қорғаушымыз Рамазан Оразов батыл мәлімдеме жасады. «Елімай» клубының ойыншысының айтуынша, қазіргі Бельгия құрамасы едәуір жасарып, жаңа ойыншылармен толыққан.

«Бельгияның құрамы жаңарды әрі жасарды. Оларға қарсы ойнау қиын болады. Уэльс секілді, бұл команда да өте ұйымдасқан әрі жоғары деңгейдегі футболшыларға толы. Жеке шеберлігі жоғары ойыншылар өте көп. Біз жақсы ойын көрсетуге дайындаламыз. Кез келген командамен ойнауға болады», – деді ол Sports24.kz-ке берген сұхбатында.

Қазақстан құрамасының жағдайы

Ұлттық құрама алғашқы бес турда бар болғаны үш ұпай жинады. Жалғыз жеңіс Лихтенштейнге қарсы матчта тіркелді.

Айта кетейік

Қазақстан құрамасы 7 қыркүйекте сағат 23:45-те Брюссельде Бельгиямен кездеседі. Бұл матч әлем чемпионаты–2026 іріктеуі кезеңі аясында өтеді. Қарсылас топтың фавориті саналса да, ұлттық құраманың басты мақсаты – тартысты ойын көрсетіп, ұпай қорын толықтыру.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары