Реклама
Реклама

Сербия құрамасының бұрынғы ойыншысы ардагерлер матчында бақилық болды

Сарапшы, спорт журналисі
17.09.2025, 16:23

Деян Милованович өмірден өтті.

sport24.ru

Матчтағы қайғылы сәт

41 жастағы Деян Милованович «Црвена Звезда» ардагерлер командасы сапында алаңға шыққан. Бірақ ойын кезінде ол кенеттен өзін жайсыз сезініп, жүрек талмасына ұшырады.

Француз басылымы L'Équipe-тің дерегінше, футболшы «қос инфаркт» алған. Ол қарсыластар қақпасына гол соққаннан бірнеше минут өткен соң есінен танып құлаған. Жедел жеткен дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Миловановичтің мансабы

Деян Милованович кәсіби футболшы ретінде Сербияның «Црвена Звезда», «Вождовац» клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ Францияның «Ланс» және Грекияның «Паниониос» намысын қорғады.

Ол Сербия ұлттық құрамасының жейдесін екі мәрте киді. 2006 жылы Сербия чемпионатында ең үздік ойыншы атанды.

Реклама
Реклама