
Қазақстандағы футбол клубтарын қаржыландыру көлемі жария етіліп, қоғамда қызу талқылауға себеп болды.
Tengri Sport дерегінше, Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің сауалына берілген ресми жауапта Қазақстан футболына 2025 жылы 31,8 млрд теңге бөлінгені анықталды. Оның ішінде:
Сәрсенғалиевтің айтуынша, «Ордабасы» – 3,2 млрд теңге, «Ақтөбе» – 2,1 млрд, «Қызылжар» – 2 млрд теңге алған. Ал «Астана» клубы «Самұрық-Қазынадан» 5,3 млрд теңге иеленген.
Депутат футбол саласындағы жаттықтырушылардың еңбекақысы тым төмен екенін сынға алды. Мысалы бастапқы деңгейдегі бапкер айына 117 мың теңге, жоғары санатты бапкер 145 мың теңге алады. Бұл жағдай тәжірибелі мамандардың спорттан білім беру саласына ауысуына әкелуде.
еурокубокқа шыққан жағдайда қосымша 200 мың АЕК-тен (786 млн теңге) артық берілмейді.
Яғни келер жылдан бастап бір клубқа бюджеттен ең көбі 3,28 млрд теңге бөлінеді. Бұл сома биыл «Астана» алған қаржылық қолдаудан шамамен 2 млрд теңгеге аз.
2018–2023 жылдар аралығында «Астанаға» 50,1 млрд теңге жұмсалған. Бұл жылына орта есеппен 8,5 млрд теңге.