Месси жаңа келісімшартқа қол қоюға жақын

Сарапшы, спорт журналисі

АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойнап жүрген Лионель Месси командасымен жаңа келісімшарт бойынша келіссөздерді аяқтауға жақын.

Месси жаңа келісімшартқа қол қоюға жақын
idman.biz

Келісімнің соңғы кезеңі

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, тараптар келіссөздердің шешуші кезеңіне жетті. Қалғаны – тек ұсақ-түйек детальдарды нақтылау. Қаржылық шарттар жария етілмеді. Алайда ресми хабарландыру алдағы екі апта ішінде жасалады деп күтілуде.

«Интер Майамидегі» Месси

38 жастағы Месси америкалық МЛС клубына 2023 жылы қосылған. Осы маусымда 21 матчқа қатысып, 20 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. Бұл көрсеткіш оның жасы ұлғайғанына қарамастан әлі де жоғары деңгейде екенін дәлелдейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір