Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Астана» «Самұрық-Қазынадан» 5,3 млрд теңге алған

Сарапшы, спорт журналисі
17.09.2025, 22:08

Қазақстандағы футбол клубтарын қаржыландыру көлемі жария етіліп, қоғамда қызу талқылауға себеп болды.

Instagram/@fca.astana
Реклама
Реклама

Депутаттық сауалға жауап

Tengri Sport дерегінше, Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің сауалына берілген ресми жауапта Қазақстан футболына 2025 жылы 31,8 млрд теңге бөлінгені анықталды. Оның ішінде:

  • Премьер-лига клубтарына – 24 млрд теңге;
  • Бірінші лига клубтарына – 7,7 млрд теңге.

Сәрсенғалиевтің айтуынша, «Ордабасы» – 3,2 млрд теңге, «Ақтөбе» – 2,1 млрд, «Қызылжар» – 2 млрд теңге алған. Ал «Астана» клубы «Самұрық-Қазынадан» 5,3 млрд теңге иеленген.

Жалақыдағы айырмашылық

Депутат футбол саласындағы жаттықтырушылардың еңбекақысы тым төмен екенін сынға алды. Мысалы бастапқы деңгейдегі бапкер айына 117 мың теңге, жоғары санатты бапкер 145 мың теңге алады. Бұл жағдай тәжірибелі мамандардың спорттан білім беру саласына ауысуына әкелуде.

Нартай Сәрсенғалиев. ФОТО: astanatv.kz

Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған жаңа заң бойынша, алдағы жылдан бастап:

  • клубтарға бюджеттен 600 мың АЕК-тен (шамамен 2,5 млрд теңге) артық бөлінбейді (әйелдер және жастар командаларын қоса алғанда);
  • еурокубокқа шыққан жағдайда қосымша 200 мың АЕК-тен (786 млн теңге) артық берілмейді.

Яғни келер жылдан бастап бір клубқа бюджеттен ең көбі 3,28 млрд теңге бөлінеді. Бұл сома биыл «Астана» алған қаржылық қолдаудан шамамен 2 млрд теңгеге аз.

2018–2023 жылдар аралығында «Астанаға» 50,1 млрд теңге жұмсалған. Бұл жылына орта есеппен 8,5 млрд теңге. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары