Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Реал Мадрид" үздік ойыншысын "Қайратқа" қарсы шығармайтын болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 06:00

Бас бапкері мадридтік «Реалдың» Хаби Алонсо Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы матчта қорғаушы Альваро Каррерасқа демалыс беруді жоспарлап отыр.

Сүрет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Defensa Central дерегінше, маусымдағы алғашқы жеті ойынды толық өткізген 22 жастағы испандық футболшы алғаш рет тынығатын болады. Бұл шешім ойыншының үлкен жүктемесіне байланысты қабылданған. Ол «Леванте» клубына қарсы кездесуде ауыстырылғаннан кейін орындықта мұз қойып отырғаны байқалған.

Каррерас осы маусымда 40 мәрте допты қарсыластан тартып алған. Бұл статистика бойынша жас қорғаушы бірінші орында.

Каррерастың орнына сол қапталда Фран Гарсия шығуы ықтимал. Бұл сапар Гарсияға ойын тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қайрат» — «Реал» матчы 30 қыркүйек күні Алматыда өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары