
Өзбекстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері ретінде «Реалдың» және Италия құрамасының бұрынғы қорғаушысы, 2006 жылғы «Алтын доп» иегері Фабио Каннаваро тағайындалуы мүмкін.
Championat.asia хабарлауынша, Өзбекстан футбол қауымдастығының басшылары Италияда 52 жастағы маманмен келіссөздер жүргізген.
Каннавароның соңғы жұмыс орны Загребтің «Динамо» болды. Бұған дейін ол Сауд Арабиясының «Аль-Насрын», Қытайдың бірнеше клубын, Қытай құрамасын, сондай-ақ «Беневенто» мен «Удинезені» жаттықтырған.
2025 жылдың ақпан айынан бері Өзбекстан құрамасын Тимур Кападзе баптап келеді. Оның жетекшілігімен өзбек командасы алғаш рет әлем чемпионатының финалдық бөлігіне шықты.
Естеріңізге салсақ, Каннаваро Қазақстан футбол федерациясына қызық болған деген ақпарат бар. Бірақ италиялық маман сұраған жалақы федерацияның көңілінен шықпаған.