"Ақтөбе" сапынан бірнеше легионер кетуі мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі

«Ақтөбенің» негізгі легионерлері Уче Агбо, Жан Жайро мен Думбия маусым соңында команданы тастап кетуі мүмкін. Бұл туралы қазақстандық журналист Елдар Аманбаев мәлімдеді.

"Ақтөбе" сапынан бірнеше легионер кетуі мүмкін
ФК "Ақтөбе"

«Ақтөбеде» іріткі: Агбо, Жайро мен Думбия кетуге дайын

«Aibek Qabylsha» YouTube-арнасында қазақстандық журналист Елдар Аманбаев «Ақтөбе» ойыншыларының жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті.

«Мен еш жерде жарияланбаған ақпаратты айтайын: Уче Агбо, Жан Жайро, Думбия — барлығы легионерлер «Ақтөбеден» кетуі мүмкін, ал мына үшеуі анық қалмайды. Өздерің білесіңдер, қазір олар үшін бастысы — соңғы ойындарда жарақат алмау. Жан Жайро „Оқжетпеспен“ болған ойында, 3:1 есебімен жеңген кезде, өте жақсы ойын көрсетті. Бұған дейін Уче Агбо жайлы ол — ҚПЛ-дың ең мықты тірек жартылай қорғаушыларының бірі деген пікір болған. Қазіргі таңда бұл ойыншылар ұжымнан бөлініп, іштей іріткі салуда», — деді Аманбаев.

Айта кетейік, биылғы ҚПЛ маусымындағы 23 ойыннан кейін «Ақтөбенің» қоржынында 39 ұпай бар және турнир кестесінде төртінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір