Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Қыруар қаржы жұмсалған": Қызылордадағы жаңа стадион сынға ұшырады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:17

Қызылордада ашылған жаңа футбол стадионы қоғамда қызу пікірталас тудырды.

"Қыруар қаржы жұмсалған": Қызылордадағы жаңа стадион сынға ұшырады
Сүрет: ашық дереккөздерден

Sports.kz хабарлауынша, 11 мың көрерменге арналған "Қайсар Арена” 20,9 миллиард теңгеге (шамамен 38,5 млн доллар) салынған. Бұл стадион жергілікті "Қайсар" командасының алаңы болады.

Стадионның құрылыс кезеңінде де бірқатар мәселелер туындаған. Жобаны мамыр айына дейін тапсыру жоспарланғанымен, жаз ортасына қарай ол әлі толық аяқталмаған, сыртқы көрінісі бұрын салынған "Түркістан Аренаға” өте ұқсас, табиғи шөп орнына жасанды газон қолданылған, клубтың логотиптері мейрамхана немесе трибуналарда көрінбеген.

Жаңа стадионның таныстырылым видеосы Instagram желісінде үлкен талқыға түсті. Көпшіліктің негізгі сын-пікірлері мыналар:

  • "Қымбатқа салынған, сапасыз стадион. Ақшаны жымқырған сияқты";
  • "Неліктен ФИФА стандарттарына сәйкес келмейтін стадион салу қажет?";
  • "Дизайн ескірген, трибуналар сапасыз;
  • "38 млн долларға Еуропада 25 мың адамға арналған сапалы стадион салуға болады";
  • "Жасанды газон футболға нұқсан келтіреді";
  • "Стадионның сыйымдылығы мен дизайны қала мен халықтың өсуін ескермегендей";
  • "Сырттан мердігерлерді тартса, тиімдірек және сапалы болар еді".

Жалпы пікірлерде стадионның құрылыс сапасы, дизайны мен жасанды газоны қатты сынға алынды. Көпшілік үшін басты мәселе – осындай қымбат жобаның сапасының күмәнді болуы және болашақта қосымша қайта жөндеу жұмыстарын қажет етуі.

Қызылордадағы жаңа стадион жайлы пікірлер футбол жанкүйерлері мен қоғамда қызу талқыланып, құрылыс сапасы мен шығын тиімділігін тексеру талабы қоғам тарапынан күшейіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір