
Танымал журналист Ермұхамед Мәулен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев "Тобылға" ауысуы мүмкін деген ақпаратты айтты.
Журналисттың айтуынша, трансфер маусым аяқталған соң жүзеге асуы керек болған, бірақ ауыр жарақатына байланысты Ұлар ұзақ мерзімге футболдан тыс қалды:
“Мен кеше бір жерден оқыдым. Ұлар бір жыл футбол ойнамайды дейді. Бір қызығы, осы ойындар біткеннен кейін, Ұлар “Тобыл” сапына ауысуы керек болған, “Тобыл” қызығушылық танытып отқан.
Және, “Тобыл” командасы тағы да бір қазақстандық ойыншымен келіссөздер жүргізіп бастады. “Тобыл” ерте қимылдайтын, селекцияны ерте бастайтын команда. Себебі келесі жылы Еурокубокқа дайындалып жатыр, және қазақстандық паспорты бар ойыншылар бағаланайын деп тұр”, – деді Ермұхамед Мәулен Fonteam Youtube-арнасында.
Естеріңізге салсақ, Ұлар Жақсыбаевта айқыш (крестообразные) сіңірлердің үзілуі мүмкін деген күдік бар. Қорғаушы жарақатты “Тобылмен” (0:1) болған ойында алды.
«Нақты диагноз кейінірек қойылады. «Ордабасы» ойыншысының жантүршігерлік айқайы бүкіл стадионға естілді. Көрермендер мен тіпті теледидар алдында отырғандар да мұнда бірдеңе болғанын бірден түсінді. Ойыншыны бірден дәрігерлер мен командаластары қоршап алды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді, егер мұндай жарақатқа бұл терминді қолдануға болса», — деп жазады “Серый Кардинал” телеграм- арнасы.