Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Жан айқайы шықты": Қазақстан құрамасының қорғаушысы ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 07:01

ҚПЛ-дің шегерілген тоғызыншы турындағы «Тобыл» — «Ордабасы» матчында Қазақстан құрамасы мен шымкенттік клубтың қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев ауыр жарақат алды.

"Жан айқайы шықты": Қазақстан құрамасының қорғаушысы ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
Ұлар Жақсыбаев. Фото: ФК "Ордабасы"

Ұлттық құрама ойыншысы ауыр жарақат алды

Ұлар Жақсыбаевта айқыш (крестообразные) сіңірлердің үзілуі мүмкін деген күдік бар. Қорғаушы жарақатты “Тобылмен” (0:1) болған ойында алды.

«Нақты диагноз кейінірек қойылады. «Ордабасы» ойыншысының жантүршігерлік айқайы бүкіл стадионға естілді. Көрермендер мен тіпті теледидар алдында отырғандар да мұнда бірдеңе болғанын бірден түсінді. Ойыншыны бірден дәрігерлер мен командаластары қоршап алды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді, егер мұндай жарақатқа бұл терминді қолдануға болса», — деп жазады “Серый Кардинал” телеграм- арнасы.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Бельгияға қарсы ойында (0:6) Жақсыбаев негізгі құрамда толық 90 минут өткізді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының келесі ойыны 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір